09.11.2006, 13:49 3136

Қазақстан мен Иордания сауда-экономикалық ынтымақтастықты пәрмендіндіру мақсатын көздеуде

АСТАНА. 9-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Иордания сауда-экономикалық ынтымақтастықты пәрмендіндіру мақсатын көздеуде. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев бүгін Астанада өзінің Иорданиялық әріптесі Абдель әл-Хатыбпен кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті.

"Екі мемлекет алдында тұрған қазіргі міндет - сауда-экономикалық ынтымақтастыққа тың серпін беру",- деді Қ.Тоқаев.

"Екі жақты ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін көп іс тындырылды. Іс жүзінде Иордания үкімет басшысының осы жолғы сапары осыдан бір жыл бұрын Иордания Королі ІІ Абдалла Бен Хусейннің елімізге жасаған сапары аясында басталған үнқатысудың жалғасы болмақ",- деді министр.

Иорданиялық әріптесімен кездесуде "саяси мәселелер де талқыланды. Өйткені, Қазақстан мен Иордания бірқатар халықаралық проблемалар бойынша өзара ұқсас ұстанымдағы елдер",- деді ҚР СІМ. "Біз ислам лагеріндегі қоңыржай елдер аталған мемлекеттердің санатына жатамыз. Сол себепті халықаралық сахнада осы салада да ықпалдаса аламыз",- деді ол.

Иордания СІМ өз кезегінде "әріптесімен Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі ұйымға қатысты мәселелер мен екі ел арасындағы экономикалық және саяси диалогқа қатысты бұдан басқа да кең көлемді мәселелер топтамасын талқылағанын" жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны