09.01.2014, 20:34 3336

Қазақстан мен Иран ынтымақтастықты дамыту келешегі туралы талқылауда

Бүгін Астанада сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран жұмыс тобының 3-ші отырысы өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Астанада сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран жұмыс тобының 3-ші отырысы өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күн тәртібінде жұмыс тобының алдыңғы отырысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру, сондай-ақ сауда мен экономика саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың келешегін талқылау көзделген.

Мәселе Қазақстан мен Иран арасындағы өнеркәсіп және тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп, көлік және логистика, туризм мен мәдениет салаларындағы ынтымақтастық туралы болып отыр,-деп мәлімдеді ҚР ЭБЖМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Қайрат Төребаев.

Қазақстандық жақтың тең төрағасы ретінде- ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі Тимур Жақсылықов қатысса, Ираннан - Иран Ислам Республикасы Өнеркәсіп, тау-кен ісі және сауда министрінің орынбасары, Сауданы дамыту ұйымының төрағасы Валиолла Афхами болды.

Кездесу соңында Қазақстан-Иран жұмыс тобының 3-ші отырысының Хаттамасына қол қойылады деп жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны