20.01.2016, 14:40 3691

Қазақстан мен ҚХР өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру бойынша 24 млрд долларға келісімдер жасасты - Ч.Ханьхуэй

Казақстан мен Қытай 24 млрд астам доллар сомаға 52 өнеркәсіптік жоба бойынша келісімдер жасасты, деп мәлімдеді бүгін Қытай Халық Республикасыныӊ Қазақстандағы Төтенше ж?не Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй "Бір белдеу-Бір жол: ҚХР-ныӊ заманауи сыртқы экономикалық саясаты" атты халықаралық конференция барысында

Астана. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - Казақстан мен Қытай 24 млрд астам доллар сомаға 52 өнеркәсіптік жоба бойынша келісімдер жасасты, деп мәлімдеді бүгін Қытай Халық Республикасыныӊ Қазақстандағы Төтенше ж?не Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй "Бір белдеу-Бір жол: ҚХР-ныӊ заманауи сыртқы экономикалық саясаты" атты халықаралық конференция барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өндірістік қуаттылықтардағы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы өз жемісін беріп жатқандығы ерекше қуантады. 2015 жылы екі ел жалпы сомасы 24 млрд долларды құрайтын 52 ірі жоба туралы өз деӊгейлеріндегі келісім мен келісім-шарттарға қол қойды", -деді Ч.Ханьхуэй, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Қытай елшісініӊ айтуынша, мемлекет басшылары Жібек жолы экономикалық белдеуі Тұжырымдамасы мен "Нұрлы жол" Жаӊа экономикалық саясатын түйістіру бойынша келісімге келді.

"Бұл бағытта тараптар жақсы жетістіктерге жетті, Ляньюньгань портында Қытай-Қазақстан терминалы құрылысыныӊ бірінші кезеӊі аяқталды. Осылайша, Қытай Қазақстанға теӊізге шығар жол ұсынған алғашқы ел болды", - деп түсіндірді ол.

Бұдан өзге, Орталық Еуропаға Қазақстан арқылы көліктік тасымалдаулар ашылды, екі елдіӊ ауыл шаруашылығы өнімдерін ұтқыр тасымалдау іске қосылды, "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолыныӊ құрылысы аяқталып қалды.

"Осыныӊ бәрі Еуразия құрлығында созылған кешенді көліктік-логистикалық желіні құрайды", - деп атап өтті елші.

Сондай-ақ, ол Қазақстанныӊ Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкініӊ құрылтайшысы ретінде қатысуы Қазақстанныӊ қаржы саласында Қытаймен ынтымақтастығын кеӊейтетінін айтты.

"Жақында ғана Президент Назарбаев қазақстандық арманды ресми жариялады. Екі елдіӊ даму стратегиясы өзара байланысқан және бір-бірін толықтырады. Жібек жолы белдеуін бірлесе сала отырып, біз ұлттық ауқаттылық туралы арманымызды жүзеге асырамыз", - деп баса айтты ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны