13.02.2008, 17:04 3155

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сыртқы сауда айналымы $500 млн асады

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сыртқы сауда айналымы $500 млн асады

Бішкек. 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сыртқы сауда айналымы $500 млн асады. Бұл туралы бүгін Қырғызстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігінде өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстандағы Қазақстан Республикасының істері бойынша уақытша өкілі Боранбек Илбергенов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Б. Илбергеновтың сөздері бойынша, Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жалпы көлемі $80 млрд асады. Ал Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы аса жоғары емес. Мәселен, Қазақстан мен Ресей арасындағы бұл көлем $16 млрд артық.

"Алайда, біз Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы экономикалық жағдайды оңтайлы деп отырмыз, сондықтан олардың сауда экономикалық қатынастарының жақсы дамып, ұлғая түсуін күтудеміз",- деді Б. Илбергенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны