16.06.2009, 18:16 2829

Қазақстан мен Қырғызстан ірі жобаларды бірлесе жүзеге асыру үшін инвестициялық қор құрады

Қазақстан мен Қырғызстан ірі жобаларды бірлесе жүзеге асыру үшін инвестициялық қор құрады

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстан ірі жобаларды бірлесе жүзеге асыру үшін инвестициялық қор құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің бірінші отырысынан кейінгі брифингте Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстандық компаниялардың қатысуымен Қырғызстан аумағында ірі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін инвестициялық қорды бірлесе құру жөнінде жақсы уағдаластыққа қол жеткізілді, компромисс жасалды", - деді Кәрім Мәсімов.

"Мүмкін біз Қазақстан аумағында жұмыс істеп жатқан индустриялық бағдарлама мен дағдарысқа қарсы бағдарлама сіздің елдің экономикасымен интеграциялана жұмыс істей алуы үшін әлі де консультацияларды жалғастыратын шығармыз", -деді ол Қазақстан премьер-министрі Игорь Чудиновқа қаратып айтқан сөзінде.

Қазақстан үкімет басшысының пікірінше, "бұл кәсіпкерлер мен бизнеске өздерін жақсы сезінуге және әлемдік қаржылық дағдарыстың салдарынан туындаған проблемаларды азайтуға мүмкіндік береді".

Өз кезегінде И. Чудинов Қырғызстан аумағында ірі жобаларды бірлесе жүзеге асыру үшін Қазақстан -Қырғызстан инвестициялық қорын тездете іске қосу қажеттігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны