29.05.2008, 19:10 2972

Қазақстан мен Қырғызстан мамандары "Бұқара газды аймағы - Ташкент - Бішкек - Алматы магистральды газ құбырының 25 шақырымға созылған бөлігін жөндеу жұмыстарын аяқтады

Қазақстан мен Қырғызстан мамандары "Бұқара газды аймағы - Ташкент - Бішкек - Алматы магистральды газ құбырының 25 шақырымға созылған бөлігін жөндеу жұмыстарын аяқтады

Бішкек. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстан мамандары "Бұқара газды аймағы - Ташкент - Бішкек - Алматы магистральды газ құбырының 25 шақырымға созылған бөлігін жөндеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "ҚырҚазГаз" жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығына (ЖШҚ) сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл бөлік газ құбырының жағдайының күрт нашарлауына, табиғи газдың жиі-жиі шыға бастауына, апатты жағдайдың туындауына байланысты қазіргі газбен қамтамасыз ету жүйесінен 2000 жылы ажыратылған. Кейінгі жылдары газ тек қана қосымша желі арқылы тасымалданып келген.

Жылдар өте келе қажетті 5 млн сомды тапқан "ҚырҚазГаз" ЖШҚ ескірген бөлікті жөндеуді өзінің инвестициялық жоспарына енгізді.

"Барлық ескірген бөлікті қазып алу мүмкін еместігіне байланысты шурфтау әдісі қолданылды", - деп атап көрсеті "ҚырҚазГаз" ЖШҚ. Жұмыс көлемі алдында жоспарланғаннан асып кетті. Дегенмен, Қырғызстанның Шу облысының аумағы арқылы өтетін магистральды газ құбырының осы бөлігі қайтадан пайдалануына дайын болды.

Газ құбырын сынақтан өткізу бағдарламасын Қазақстан жағы жағы бекітіп қойған. Қазір Қырғызстанның қарауында жатыр.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы бөліктің жақында қатарға қосылуы Қырғызстанның солтүстік бөлігі мен Қазақстанның іргелес жатқан өңірлерін газбен қамтамасыз етуді айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

"ҚырҚазГаз" ЖШҚ - Қырғызстанның солтүстігі мен Қазақстанның оңтүстік облыстарына "Бұқара газды аймағы - Ташкент - Бішкек - Алматы магистральды газ құбыры арқылы табиғи газ тасымалын іске асыратын Қырғызстан мен Қазақстанның бірлескен кәсіпорыны. "Қырғызгаз" АҚ мен "ҚазТрансГаз" АҚ 2004 жылы Қырғызстан аумағында тіркелген ЖШҚ құрылтайшысы болған.

Қырғызстан Республикасының үкіметі, "ҚазТрансГаз" АҚ және "ҚырҚазГаз" ЖШҚ арасында жасалған инвестициялық келісімге сәйкес, Қазақстан мамандары 2008 жылға дейін газ тасымалы жүйесіне 17,5 млн доллар инвестиция салады. Инвестицияны 20 жыл көлемінде "ҚырҚазГаз" ЖШҚ қайтаратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны