04.05.2014, 19:10 11741

Қазақстан мен Қытай АДБ инфрақұрылымын құру мүмкіндігін талқылады

Астанада АДБ Басқарушылар кеңесінің 47-ші мәжілісі аясында Қазақстанның бюджеттік жоспарлау және экономика министрі Ерболат Досаев Қытай қаржы министрі Лоу Цзивэй мырзамен екіжақты кездесу өткізді.

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan today. Астанада АДБ Басқарушылар кеңесінің 47-ші мәжілісі аясында Қазақстанның бюджеттік жоспарлау және экономика министрі Ерболат Досаев Қытай қаржы министрі Лоу Цзивэй мырзамен екіжақты кездесу өткізді.

Тараптар ынтымақтастық мәселелерін және инфрақұрылымды дамыту азиялық банкін құру жағдайларын талқылады, деп ЭБЖМ-де хабарлады.

Цзивэй мырзаның атап өткеніндей, Қытай бұл бастаманы аймақтағы экономикалық интеграцияға ықпал ету үшін қолға алып отыр.

"Аталған банк аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді деп ойлаймын,- деді ол.

"Бізде қазіргі уақытта үш жоба етене қолға алынып жатыр. Оңтүстік-Батыс бағыты бойынша - Теңіз жібек жолы, солтүстік-шығыс бағыт бойынша - Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуі. Ал үшінші бағыт - солтүстік-шығыс Ресей және Монғолия бағыты. Бүгінгі күні біз, өндірістік және қайта өңдеу салаларын дамыту үшін көліктік инфрақұрылымды дамытудамыз. Біздіңше көліктік инфрақұрылым экономикалық дамудың негізі", - деді ол.

Орталық Азия елдерінің қарқынды дамуын атап өткен қаржы министрі Қазақстанмен энергетика саласында ынтымақтастық орнату ниетін білдірді.

Өз кезегінде Бюджеттік жоспарлау және экономика министрі Ерболат Досаев Қазақстанның солтүстік-шығысында электрэнергиясының аса мол екенін жеткізді.

"Біз Қытайға елдің шығысы арқылы электрэнергиясын бағыттау мәселерін қарастыра аламыз. Қазақстан бүгінгі күні артық электрэнергияны Ресейге экспорттауда, бірақ қуаттылық жағынан алғанда біздің одан да көп көлемде экспорттау мүмкіндігіміз бар. Илеует мықты, біз оны тиісті деңгейде пайдалануымыз керек. Сондықтан, инфрақұрылымды дамыту азиялық банк құру бастамасы экономикалар етене жұмыс істеуі үшін жобаларды тереңірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді,-деп түйіндеді сөзін министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны