06.06.2012, 17:51 2702

Қазақстан мен Қытай арасында газ және мұнай құбырын салу жөнінде ауымды жобалар іске асырылуда

Қазіргі уақытта біздің елімізде Қазақстан мен Қытай арасында газ және мұнай құбырын салу жөнінде ауымды жобалар іске асырылуда. Бүгінде елдегі ірі жобаларға келсек, ол құны бірнеше миллиард долларды құрайтын Атырау облысындағы мұнайхимия кешенін салу, Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау, сондай-ақ елдің батысынан оңтүстік облыстарға газ құбырын тарту құрылысы келесі жылы аяқталады.

Пекин. 6-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қытай арасында газ және мұнай құбырын салу жөнінде ауымды жобалар іске асырылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазіргі уақытта біздің елімізде Қазақстан мен Қытай арасында газ және мұнай құбырын салу жөнінде ауымды жобалар іске асырылуда. Бүгінде елдегі ірі жобаларға келсек, ол құны бірнеше миллиард долларды құрайтын Атырау облысындағы мұнайхимия кешенін салу, Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау, сондай-ақ елдің батысынан оңтүстік облыстарға газ құбырын тарту құрылысы келесі жылы аяқталады. Аталған жоба оңтүстік өңірді газбен қамтамасыз етуге және сыртқы тасымалға тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, мен Алматы - Астана жаңа автобанының құрылысы мен осы бағыт бойынша жоғары жылдамдықтағы темір жол құрылысы, сондай-ақ Жезқазған - Бейнеу темір жолы құрылысы туралы келіссөздер жүргізудемін. Осының бәрі ірі инфрақұрылымдық жобалар. Жаңа технологияларды, соның ішінде ақпараттық технологияны әзірлеу, балама энергетиканы дамыту, агроөнеркәсіп саласы, машина жасау саласы - стратегиялық бағыттағы бұл кешеннің барлығы біздің қытайлық әріптестерімізден түсіністік тапты және қол жеткізілген уағдаластықта қамтылды. Жалпы, Қытай Халық Республикасымен қаржы-экономикалық, индустриялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық тек қана нығая беретін болады, - деді Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны