14.11.2006, 18:36 2951

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы ағымдағы жылы 10 млрд. доллардан асады

АСТАНА. 14-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы ағымдағы жылы 10 млрд. доллардан асады. Бұл туралы ҚХР Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағы партия комитетінің хатшысы Ван Лэцюань бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларды құрады, ал биыл алдын-ала мәліметке сәйкес, ол 10 млрд. доллардан асады",- деді В. Лэцюань. Оның айтуынша, "Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық қазір қарқынды дамып келеді. Бұл саладағы ынтымақтастықтың келешегі зор".

В. Лэцюаньның айтуынша, Қытайдан Қазақстанға экспортқа шығарылатын тауарлардың 70 проценті Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағынан әкелінеді. Қазақстан-Қытай шекаралық ынтымақтастық орталығының құрылысына қатысты жұмыстар жоспарлы кестеге сәйкес жүзеге асырылуда, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны