05.09.2016, 11:25 2065

Қазақстан мен Қытай IT саласында ынтымақтастық орнатты

Меморандум аясында ҰАТ мен Huawei ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірлескен инновациялық жобаларды әзірлеу және өткізу, тәжірибе мен білім алмасу бойынша әріптестік жүргізуге ниеттеніп отыр.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және "HUAWEI" компаниясы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану саласындағы екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар"

Құжатқа Шанхай қаласында "HUAWEI CONNECT 2016" бұлтты технологиялар, үлкен деректер және деректерді басқару саласындағы инновациялық шешімдер жөніндегі халықаралық форумы аясында қол қойылды. Жыл сайынғы форумға 400-ке жуық спикерлер қатысты, олардыӊ ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жетекші мамандар мен басқарушылар бар. Форум бағдарламасында И ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту стратегиясы мен инновацияларды пайдаланудыӊ әлем бойынша кеӊінен таралып жатқан жаӊа бағыттарын талқылау.

Меморандум аясында ҰАТ мен Huawei ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірлескен инновациялық жобаларды әзірлеу және өткізу, тәжірибе мен білім алмасу бойынша әріптестік жүргізуге ниеттеніп отыр.

"ҰАТ" АҚ басқа да IT-компаниялармен қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны