09.11.2012, 10:35 3250

Қазақстан мен Қытай "Сарыбұлақ-Зимұнай" газ құбырын салады

Келісімге қазақстандық-қытайлық Ынтымақтастық комитетінің энергетика саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі шағын комиссиясының Бейжіңде өткен 6-шы отырысының қорытындылары бойынша бейсенбі күні қол жеткізілді. Оған екі елдің мүдделі министрліктері мен компанияларының өкілдері қатысты.

Пекин. 9-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қытай "Сарыбұлақ-Зимұнай" газ құбырын салуға келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Келісімге қазақстандық-қытайлық Ынтымақтастық комитетінің энергетика саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі шағын комиссиясының Бейжіңде өткен 6-шы отырысының қорытындылары бойынша бейсенбі күні қол жеткізілді. Оған екі елдің мүдделі министрліктері мен компанияларының өкілдері қатысты.

Отырыс қорытындылары бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Сарыбұлақ - Зимұнай" газ құбырын салу мен пайдалану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге және Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің энергетика саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі шағын комиссиясының 6-шы отырысының Хаттамасына қол қойды.

Шағын комитеттің отырысы ҚР Мұнай және газ вице-министрі Болат Ақшолақов пен ҚХР Энергетика бойынша Мемлекеттік басқармасы бастығының орынбасары Чжан Юйциннің жалпы басшылығымен өтті.

Отырыс барысында тараптар мұнай және газ өнеркәсібін қоса алғанда энергетикалық ынтымақтастық, газ құбырлары мен мұнай құбырларын, мұнай және химия нысандарын салу, сондай-ақ атомдық энергетика және энергияның жаңартылатын көздері саласындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны