Система Orphus

Қазақстан мен Қытай жел және күн энергиясын пайдалану саласында стратегиялық серіктестерге айналмақ ниетте

14.10.2009, 17:07 853

Алматы. 14 қазан. Kazakhstan Today - Пекинде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы үкімет басшыларының саммиті аясында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ мен Қытайдың Гуандун ядролық-энергетикалық корпорациясы (CGNPC) арасындағы ықпалдастық және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қою рәсімі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Тараптар таза әрі орны толтырылатын энергия өндірісі саласында стратегиялық серіктестерге айналуға және Қазақстандағы жел, күн қуаты мен су ресурстарын бірлесе пайдалануға ниет білдірді.

Атап айтсақ, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ мен Қытайдың Гуандун ядролық-энергетикалық корпорациясы (CGNPC) Қазақстанда күн және жел қуатын пайдаланатын жобаларды жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорындар құру, су электр станцияларын салу мүмкіндіктерін қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны