05.09.2016, 17:00 3931

Қазақстан мен Корея автожол құрылысы саласында ынтымақтасуға ниетті

Меморандумға сәйкес тараптар жолдарды жөндеу және жол құрылысы ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды енгізу әрі оны пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытатын болады.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Ермек Қизатов пен "Korea Expressway Corporation" компаниясыныӊ сыртқы жобалар бойынша бас директоры Джеонг Мин жол құрылысы және жаӊа технологияларды игерудегі түсіністік пен ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ.

Меморандумға сәйкес тараптар жолдарды жөндеу және жол құрылысы ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды енгізу әрі оны пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытатын болады.

Аталмыш технологияларды сақтау еӊбек өнімділігі мен құрылыс, автожолдарды қамту саласында шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Джеонг Минг айтып өткендей, бүгінгі қол қойылған меморандум екі елдіӊ арасындағы жол саласындағы ынтымақтастықты жаӊа деӊгейге көтеретіндігін және Қазақстандағы интеллектуалды көлік жүйесін дамыту мен енгізуге жаӊа мүмкіндіктер туғызатындығын баса айтты.

"Біздіӊ білуімізше, сіздер 2020 жылға дейін 7 мыӊ шақырым жолға ақылы жүйе енгізуді жоспарлап отырсыздар. Бұған қоса, Қазақстанныӊ Батыс пен Шығысты көлік жолы арқылы жалғастыруда негізгі буын екендігін де жақсы білеміз. Біз жол құрылысы саласындағы өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз", - деді Д.Мин.

"Бүгін біз өзара түсіністік пен ынтымақтастық меморандумын рәсімдеп отырмыз. Бұл шара "ҚазАвтоЖол" мен "Korea Expressway Corporation" компаниясыныӊ әріптестік құруындағы ұзақ мерзімді, тиімді және өзара ынтымақтастықты дамытуға өз септігін тигізеріне сенімдімін", - деді Е.Қизатов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны