13.09.2012, 13:34 3084

Қазақстан мен Корея президенттері Балқаш ЖЭС құрылысын бастап берді

Мемлекет басшылары модуль құрылысын бастау рәсіміне Астана-Балқаш телекөпірі арқылы қатысты.

Астана. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Оңтүстік Корея президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Ли Мен Бак Балқаш жылу-электр станциясының алғашқы модулі құрылысын бастап берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшылары модуль құрылысын бастау рәсіміне Астана-Балқаш телекөпірі арқылы қатысты.

"Біз Қазақстан үшін өте маңызды құрылысты бастау үшін бас қосып отырмыз. (...) Құрылыс аяқталғаннан кейін біз бұл салада тәуелділіктен толық арыламыз", - деді елбасы Н.Назарбаев.

"Мен құрылысшыларды, энергетик мамандарды осындай маңызды әрі алып құрылыстың басталуымен құттықтаймын", - деп қосты ол.

Қуаттылығы 1320 МВт-тық станцияның алғашқы модулінің құны 2,3 млрд$. ЖЭС жобасының жалпы құны - 4,5 млрд$. Жобаны толығымен Корея жағы қаржыландырып отыр.

Нысан құрылысы 2017 жылы аяқталуы тиіс. Жылу электр станциясы жылына 17 млрд кВт/сағ энергия өндірмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны