14.05.2008, 13:40 1438

Қазақстан мен Литва транспорт және ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Литва транспорт және ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Литва транспорт және ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті. Бұл туралы бүгін Литва премьер-министрі Гедиминас Киркиласпен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз үшін транспорттық мүмкіндіктері тұрғысынан Литваның тәжірибесі мен Литва бизнесімен ықпалдастықтың маңызы зор, меніңше, бұл жерде алға жылжитын бірнеше бағыт бар", -деді Кәрім Мәсімов.

"Біз, сондай-ақ, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы ынтымақтастықтың жайын талқыладық. Бұл Қазақстан үшін аса маңызды бағыт", -деді премьер. "Бұл салада Литва ауқымды тәжірибе жинақтаған. Литва өнімдері тіпті Еуропа үшін аса күрделі болып келетін ет және сүт нарығында да бәсекеге қабілетті", -деді Кәрім Мәсімов.

"Жалпы алғанда біз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасын шешу мақсатын қойып отырмыз және ол үшін Литваның ауылшаруашылығы саласындағы тәжірибесі мен технологияларын тартатын боламыз. Тиісті уағдаластықтар бүгін жасалды", - деді үкімет басшысы.

Өз кезегінде Литва үкімет басшысы екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығын дамыту қажеттігіне тоқталды.

"Біздің экономикалық байланысымыз кеңейе түскенімен, даму қарқыны төмен", -деді ол. "Біз екі ел арасындағы қазіргі тауар айналымының көлеміне қанағаттана алмаймыз, бізде сауда саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге әлеует бар деп ойлаймын", -деді Г. Киркилас.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы өткен жылы $118,5 млн болды. Қазақстанда Литва капиталының қатысуымен құрылған 22 кәсіпорын жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны