01.11.2006, 16:02 2878

Қазақстан мен Литвада ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қоюға барлық мүмкіндіктер бар - Литва ауылшаруашылығы министрлігінің өкілі

АЛМАТЫ. 1-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Литвада ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қоюға барлық мүмкіндіктер бар. Литва ауылшаруашылығы министрлігінің бірінші хатшысы Гедиминас Радзявичюс Алматыда өткен баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біздің пайымдауымызша, бірлескен жұмыстар туралы, тауар айналымын арттырудан бастап ғылыми зерттеулер және тәжірибе алмасуға дейінгі көптеген мәселелерді шешу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға қажетті барлық мүмкіндіктер мен алғышарттар бар",- деп мәлімдеді Гедиминас Радзявичюс.

"ЖаҺандану жағдайында тауар айналымы мен өз еліміздегі рынокта табылмайтын тауарларды сатып алу мүмкіндігінің аясын кеңейтудің маңызы зор. Қазақстан біз үшін жаңа рынок",- деді ол.

"Қазақстандағы ауылшаруашылығының даму қарқыны мен сатып алу қабілетінің арта түскеніне көз жеткізе отырып біз еліміздің өнім өндірушілері үшін Қазақстан нарығы, ал Қазақстанның өнім өндірушілері үшін Литва рыногы қызғылықты деп санаймыз",- деді литвалық министр.

Гедиминас Радзявичюстің айтуынша, 2005-жылы Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы 200 млн. евроны құрады. "Бұл мүлдем мардымсыз тауар айналымы",- деді ол. "Біз Литваға тұщы су балығының етін импорттаймыз. Бұл жалпы тауар айналымының 90 процентіне тең. Аз мөлшерде темекі мен күнбағыс тұқымы жеткізіледі. Қазір біз Қазақстан тауарлары үшін үлкен мүмкіндіктерді көріп отырмыз. Ал Литва Қазақстанға сүт өнімдерін, өңделген балық өнімдерін және ашытқы шығарамыз",- деді Литва ауылшаруашылығы министрлігінің өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны