26.06.2008, 14:45 2956

Қазақстан мен Люксембург қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі келісімге қол қояды - Қазақстан үкімет басшысы

Қазақстан мен Люксембург қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі келісімге қол қояды - Қазақстан үкімет басшысы

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Люксембург қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі келісімге қол қояды . Бұл туралы бүгін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Люксембург премьер-министрі Жан-Клод Юнкермен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Екі елдің арасындағы тауар айналымы бізде бар мүмкіндіктерге сай келмейді, премьер министрдің бүгінгі сапары аясында біз қосарланған салықты болдырмау туралы келісімге қол қоюға келістік. Бұл құжатқа қол қою екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайтуда біршама алға жылжуға көмектеседі", - деді Кәрім Мәсімов.

Сондай-ақ, ол қол қоюға дайындалып жатқан өзара әуе қатынасы туралы келісім де өзара сауда-саттықты ұлғайтады дегенге сенім білдірді. Қазақстан үкімет басшысы сонымен бірге Қазақстандық банкирлер мен қаржыгерлерді Люксембургте дайындау туралы келісімге қол қойғалы отырғанын хабарлады. "Қазақстандық банкирлерді Люксембургте оқыту мәселесі ертең Алматыда тағы талқыланып, шешімін табады деп сенемін", -деді үкімет басшысы.

Кәрім Мәсімовтың айтуынша, тараптар "ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселесін де талқылаған".

Қазақстан үкімет басшысы Жан-Клод Юнкерге "Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауына қолдау білдіргені үшін" алғыс айтты. "Бүгінгі сапар біздің өзара қарым-қатынасымыздың жаңа бір жарқын беті", - деді Кәрім Мәсімов.

Қазақстан мен Люксембург арасындағы тауар айналымы 2007 жылы $9,6 млн жетіп, 2006 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсті, 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында тауар айналымы $3,7 млн болды. 2007 жылдың қорытындысы бойынша Люксембургтың Қазақстанға салған жалпы инвестициясы $103 млн болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны