27.06.2006, 15:35 3016

Қазақстан мен Малайзияның компаниялары бірқатар меморандумдарға қол қойды

АСТАНА. 27-маусым. Kazakhstan Today. Малайзия Корольдігіне жасаған мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Куала-Лумпур конвенциялық орталығында елдің жетекші корпорацияларының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президентітң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бизнес-форумға қазақстандық іскер топтардың өкілдері қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша: «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ мен Малайзияның Мультимедиялық даму корпорациясы арасындағы, «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ мен «Малайзияның технологиялық паркі» корпорациясы арасындағы, «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ мен «IRIS» корпорациясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға, сондай-ақ, Экспорт пен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы мен Малайзияның Экспорт-импорт банкі арасындағы Қайта сақтандыру туралы Келісімге, Өзара түсіністік туралы меморандумға және «KazHiTechEuroBuilding Ltd» компаниясы мен «Metro Ikram» компаниясы арасындағы Қазақстан Республикасында әлеуметтік тұрғын үй салу жөніндегі бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды.

- Қазақстан малайзиялық әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға қажетті айрықша әлеуетке ие. Сондықтан да біздің елдердің үкіметтері басым салалардағы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды белсендірек үйлестіруі тиіс. Біз Қазақстан – Малайзия бірлескен сауда-экономикалық комитетінің жұмысын жандандырып, оның екінші отырысын таяу арада Астанада өткізуіміз қажет, - деді мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны