02.02.2017, 16:40 4650

Қазақстан мен Монғолия теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы серіктестікті дамытады

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Ұлан-Батырда көлік саласындағы серіктестікті дамыту турасында кездесулер өткізді, -деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Ұлан-Батырда көлік саласындағы серіктестікті дамыту турасында кездесулер өткізді, -деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Монғолия көлік және жолды дамыту министрі Дангаа Ганбатпен болған кездесуде "ҚТЖ" ҰК" АҚ президенті Қазақстанныӊ көлік-логистикалық кешені саласын дамытудағы жетістіктері мен халықаралық көлік желісіне кіру мақсатындағы транзиттік әлеуеті туралы баяндады.Қ. Алпысбаев компания жүзеге асырып жатқан ірі инфрақұрылымдық және темір жол көлігі саласын дамыту жобалары туралы әӊгімелеп, қазақстандық тараптыӊ монғол темір жолымен серіктестікті дамытуға мүдделі екендігін жеткізді.

"Ұлан -Батыр темір жолы" АҚ бастығы Дамдинсурэн Жигжиднямаамен кездесуде қазақтандық тараптыӊ магистральдық тепловоздар, жүк вагондары, рельстер, бағыттауыш бұрмалары және басқа да темір жол өнімдерін Монғолияға жеткізу жайы қарастырылды.

Кездесу соӊында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Ұлан -Батыр темір жолы" АҚ арасында теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы серіктестікті дамыту бойынша Меморандумға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны