14.05.2008, 10:57 1567

Қазақстан мен Оңтүстік Корея бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды

Қазақстан мен Оңтүстік Корея бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Кореяның ресми делегациясының Астанаға сапары барысында Қазақстан мен Оңтүстік Корея үкіметтері бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Оңтүстік Кореяның Жер, көлік және теңіз істері министрлігі құрылыс саласында ынтымақтасу туралы хаттамаға қол қойды. Сондай-ақ, Қазақстанның Индустрия және сауда министрлігі мен Кореяның Білім және экономика министрлігі тоқыма өнеркәсібі саласында ынтымақтасу жөніндегі меморандумға қол қойды.

Өзара түсіністік туралы меморандум "Қазақстан Республикасының "Самұрық-Энерго" АҚ мен Кореяның электр энергетикалық корпорациясы, сондай-ақ, "Самсунг" корпорациясы арасында жасалды. Ұзақ мерзімдік уран концентраттарын жеткізу жөніндегі келісімшартқа Кореяның гидро және ядро энергетикалық компаниясы мен "Қазатомпром" ҰАК" АҚ арасында қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны