04.09.2006, 13:38 3629

Қазақстан мен Өзбекстан алдағы жылдарда тауар айналымын екі есе арттырмақшы

АСТАНА. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Екі ел экономикасының қарқынды дамуы таяу жылдарда өзара тауар айналымын екі есе арттыруға мүмкіндік береді. Бұл - келіссөздерге арқау болатын басты мәселе",- деді бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан мемлекет басшысы Ислам Кәрімовпен арадағы кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

И.Кәрімовтың айтуынша, Өзбекстанда Қаазқстанмен арадағы ынтымақтастықтың нәтижесінде ашылатын тың мүмкіндіктерді жоғары бағалайды. "Таяу жылдарда екі ел арасындағы тауар айналымын екі есе арттыру керек",- деді ол.

Өзбекстан президентінің айтуынша, Н.Назарбаевпен жүзбе-жүз келіссөздер барысында екі жақты ынтымақтастықққа қатысты барлық мәселелер бойынша пікір алмасылды. "Өзара принциптік пікір қайшылығы жоқ",- деді И.Кәрімов.

Сонымен бірге Қазақстан мемлекет басшысымен кездесу барысында әскери-техникалық саладағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелер де талқыланған. И.Кәрімов келіссөздер барысында бірлескен оқу-жаттығулар өткізу жөнінде ұсыныс жасады. "Біздің офицерлеріміз мен әскерлеріміз өзара тәжірибе алмасуы үшін бірлескен штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге неге болмасын",- деді ол.

2006-жылдың алғашқы жартысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 293,4 млн. долларды құрап, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 27,3 процентке артты. Ал былтыр 2004-жылғы осы мерзіммен салыстыранда тауар айналымы 21,3 процентке артып, 516,4 млн. долларды, соның ішінде Қазақстанға шығарылған экспорт 247 млн. долларды, Қазақстаннан импорталған тауар көлемі 269,5 млн. долларды құрады.

Қазақстаннан Өзбекстанға негізінен азық-түлік тауарлары, қуат көздері, қара және түсті металл, химиялық өнімлер мен пластмассалар экспортталады. Қазақстанға қуат көздері, қара және түсті металл, машина және жабдықтар, химиялық өнімдер мен пластмассалар, азық-түлік тауарлары мен мақта талшықтары шығарылады.

Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен құрылған 86 бірлескен кәсіпорын тіркелген, олар сауда-саттық, азық-түлік және фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс материалдары, минералдытыңайтқыштар, жиҺаз, әйнек бұйымдар жасайтын және мақта мен ағаш өңдейтін кәсіпорындар.

Қазақстанның 73 компаниясы Өзбекстан нарығында жұмыс істейді. Соның ішінде сауда-саттық, құрылыс, азық-түлік, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп және металл өңдеу саласындағы 48 бірлескен кәсіпорын бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны