10.10.2006, 16:21 3525

Қазақстан мен Пәкістан арасында автокөлікпен жүк тасымалы жүзеге асырылатын болды

АСТАНА. 10-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстанның Пәкістандағы елшісі Бақытбек Шабарбаев пәкістандық "Pak Caspian Trade Link" көлік компаниясы Қарақорым тас жолымен жүзеге асыратын алғашқы автожүк қатынасының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР СІМ-іне сілтеме жасап.

40 тонналық контейнер тиелген бірінші автокөлік Пәкістанның Исламабад қаласынан қазанның 8-інде шықты. Ол Алматыға 10 күннен кейін жетуі керек. Автокөлік Қарақорым бағытымен, Исламабад - Қашқар-Бішкек-Алматы арқылы 2200 шақырымдай жолды жүріп өтеді.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген "Pak Caspian Trade Link" компаниясының басқарушы директоры Мәлік Хаят, компанияның Оңтүстік және Орталық Азия елдерін кезінде байланыстырған Ұлы Жібек жолын қайта жандандыру жоспары туралы хабарлады.

М.Хаят мырзаның айтуынша, пәкістандық кәсіпкерлер тоқыма өнеркәсібі тауарларын, жиһаздар мен көкөністер экспорттағалы отыр. Қайтар жолда Қазақстаннан әзірге металл, кейіннен астық, мақта, көмір, тері өнеркәсібіне қажетті шикізаттарды қоса тасымалдау жоспарлануда.

Өз кезегінде, осынау жобаның Қазақстан мен Пәкістанның арасында жаңа және бұдан да тиімді сауда жолының ашылуына мүмкіндік беретініне сенім білдірген Қазақстан елшісі, енді екі ел арасындағы тауар айналымының арта түсетінін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны