13.10.2006, 10:16 3173

Қазақстан мен Ресей атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласында үш бірлескен кәсіпорын құрды

МИСКЕУ. 13-қазан. Kazakhstan Today. 12-қазанда Мәскеуде атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласында Қазақстан мен Ресей үш бірлескен кәсіпорын құру туралы құжатқа қол қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Росатом" компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Құжатқа сәйкес ресейлік және қазақстандық ұйымдар жарғылық қорға тең үлеспен қатыса алады.

Атап айтсақ, Алматыда тіркелетін "Атом станциялары" атты бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі құжаттарға қол қойылды. Ол шағын және орта қуатты атом реакторы бар энергетикалық қондырғыларды жасап, Қазақстан, Ресей және үшінші елдердің нарығында өткізуге бағытталады.

"Ақбастау" (Алматы) атты бірлескен кәсіпорын Қазақстан аумағында "Южное заречное" кеніші мен "Буденовское" уран кеніші учаскелерін игеру үшін құрылды.

Ангарск қаласында тіркелетін "Уран байыту орталығы" бірлескен кәсіпорнында уранды байытудан бастап ядролық отын циклі қызметін көрсететін халықаралық орталық құру межеленген. Орталық Халықаралық атом энергетикасы ұйымының (МАГАТЭ) бақылаунда жұмыс істейтін болады. "Росатом" басшысы Сергей Криенконың айтуынша, орталық "жаңа елдерге ядролық энергетика саласына арнап төменгі деңгейде байытылған уран алуға мүмкіндік жасайды. Бірақ ол ядролық қаруды таратпауға кепілдік береді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны