11.09.2009, 16:20 3174

Қазақстан мен Ресей азаматтық ядролық энергетика саласында бірлескен компания құрады

Қазақстан мен Ресей азаматтық ядролық энергетика саласында бірлескен компания құрады

Алматы. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресей азаматтық ядролық энергетика саласында бірлескен компания құрады. Бұл туралы Ресей президенті Дмитрий Медведев Орынборда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Біздің келешегіміз зор - біз атомды бейбіт мақсатта пайдалану саласында кооперация құрмақшымыз, соның ішінде азаматтық ядролық энергетика саласында бірлескен компания пайда болады", - деді Д. Медведев.

Н. Назарбаев өз сөзінде Қазақстан мен Ресейдің электр қуаты саласындағы тауқыметті ортақ екенін, атап айтқанда, электр энергетикасы саласындағы негізгі қордың тозуы, электр қуатын тұтынудың үлес салмағының жоғарылығы, бағаның төмендігі, электр энергетикасы нарығындағы инвестициялық тартымдылықты көтеру қажеттігі секілді ұқсас проблемалар бар екенін атап өтті.

Қазақстан президентінің айтуынша, қазір электр энергетикасы саласындағы екі елдің ықпалдастығы белсенді ынтымақтастық фазасына көшті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Орынбор қаласында 11 қыркүйекте ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ президенті Дмитрий Медведевтің қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы VI Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді.

Форум шеңберінде сауда-экономикалық, шекара маңы және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін, сонымен қатар, көлік және отын-энергетикалық кешен саласындағы өзара байланыс мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Форумға Қазақстан облыстары мен Ресей орталық мемлекеттік органдарының және аймақтарының басшылары қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны