17.06.2008, 13:27 1564

Қазақстан мен Ресей экономикаларына инновациялық даму жолына көшу қажет - Медведев

Қазақстан мен Ресей экономикаларына инновациялық даму жолына көшу қажет - Медведев

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресей экономикаларына инновациялық даму жолына көшу қажет. Бұл туралы РФ президенті Дмитрий Медведевтің "Инновациялық даму жолы - Еуразиялық интеграцияның өзегі" атты Қазақстан -Ресей бизнес-форумына қатысушыларға арнаған жолдауында айтылғанын бүгін бас қосуда Қазақстандағы Ресей елшісі Михаил Бочарников оқып берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінді біздің мемлекеттеріміз ұқсас мақсаттарды алға қойып отыр. Соның ішінде ұлттық экономикаларды одан әрі өсіру, әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілетті нығайту, азаматтардың өмір сапасын арттыру бар. Ол үшін инновациялық даму жолына көшу, озық технологияларлы енгізу, адами капиталға жұмсалатын инвестицияларды өсіру қажет", -делінген жолдауда.

Қазақстанның кедендік статистикасының мәліметінше, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2007 жылы $ 16,3 млрд болды, бұл 2006 жылмен салыстрғанда 27,3%-ға артық, осы жылдың бірінші тоқсанында тауар айналымы $4,1 млрд құрады, бұл 2007 жылғы тиісті деңгейден 25% артық.

Қазақстанның Ұлттық банкінің мәліметінше, 1993 жылдан бері бүгінге дейін Ресейден Қазақстанға әкелінген тікелей инвестициялардың жиынтық ағыны $2,5 млрд болды. Ал 2004 пен 2008 жылдар аралығында Қазақстаннан Ресейге жіберілген инвестиция $715 млн болған. Қазақстандағы Ресейдің ең ірі инвесторы ЛУКОЙЛ мен РусАЛ. Ресейде Қазақстанның "ТұранАлем", "Қазкоммерцбанк", "Халық банкі" секілді банктері мен "Капитал партнерс" құрылыс компаниясы жұмыс істеуде. Қазақстанда Ресей капиталының қатысуымен 3 мыңнан астам кәсіпорын тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны