22.12.2011, 10:50 3932

Қазақстан мен Ресей Нанотехнологияның бірлескен қорын құрды

Нанотехнологияның Ресей - Қазақстандық қоры құрылды.

Астана. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресей Нанотехнологияның бірлескен қорын құрды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Нанотехнологияның Ресей-қазақстандық қоры құрылды.

Қордың құрылуының салтанатты рәсіміне ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев пен "Самұрық- Қазына" Ұлттық әл ауқат Қоры" басқарма төрағасының орынбасары Айдан Кәрібжанов қатысты.

Қор екі мемлекеттің басшыларының тапсырмасы бойынша құрылып отыр.

Қордың мақсатты көлемі 100 млн долларды құрайды. "РОСНАНО" ААҚ мен "Казына Капитал Менеджмент" АҚ якорлы инвестор ретінде танылып, өздеріне әрқайсысы 25 млн доллар көлемінде жарна енгізуге міндеттеме алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны