06.07.2018, 14:44 5076

Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға жеткізілмек

3-5 шілдеде Татарстан Президенті Рустам Минниханов жұмыс сапарымен Қазақстанда болды. Осы жұмыс сапары аясында ҚР мен ТР 200-ден астам іскер топтары өкілдерініӊ бизнес-форумы өткізілді.

Астана. 6 шілде. Kazakhstan Today -3-5 шілдеде Татарстан Президенті Рустам Минниханов жұмыс сапарымен Қазақстанда болды. Осы жұмыс сапары аясында ҚР мен ТР 200-ден астам іскер топтары өкілдерініӊ бизнес-форумы өткізілді.

Бизнес форумда сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин екі ел арасындағы тауар айналымыныӊ әлеуетін АҚШ-тыӊ 1 миллиард долларына жеткізу мүмкіндігі бар екендігін атап өтті.

"Мемлекет басшысы Татарстанға биылғы маусым айындағы сапары барысында осындай тапсырма берді",-дейді А. Мамин.

2017 жылы Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда айналымы 700 млн. АҚШ долларына жақындады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1,7 есе (425,3 млн. АҚШ доллары) жоғары көрсеткіш.

Форум аясында мұнайхимиясы, машина жасау, қорғаныс өнеркәсібі, көлік, инновация саласындағы ынтымақтастықтыӊ болашағы талқыланды. Бизнес форум қорытындысы бойынша, тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асырудыӊ Жол картасын жасақтауға келісті.

Оныӊ сыртында, ҚР Президенті Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазан федеральдық университеті, Қазақстанныӊ Сыртқы сауда палатасы мен Татарстан сауда-өнеркәсіп палатасы, "Astana Hub" ИТ стартап халықаралық технопаркі мен "Ит-парк" жоғары технологиялар саласындағы технопаркі, "Семей автоқұрастыру зауыты" ЖШС мен "РариТЭК жөндеу-механикалық зауыты" ААҚ арасында ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.

Татарстан Президенті Астанаға жұмыс сапары барысында "Астана" Халықаралық қаржы орталығы мен Ислам қаржы ұйымы саммитіне қатысты.

ҚР Премьер-Министрініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны