Система Orphus

Қазақстан мен Татарстан тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайтпақ

05.07.2018, 19:33 1863

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today -4 шілде күні Қазақстан және Татарстан республикаларыныӊ бизнес-форумы жалғасын тапты.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасыныӊ Бірінші Премьер-министрі Мамин Асқар, Татарстан Республикасыныӊ Президенті Минниханов Рустам, Татарстан Республикасыныӊ Премьер-Министр орынбасары - Өнеркәсіп және сауда министрі Каримов Альберт, Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму министрі Қасымбек Жеӊіс, сондай-ақ ІТ индустрия, машина жасау, авиациялық, химиялық және т.б. өнеркәсіп саласындағы Қазақстан және Татарстан 120-дан астам жуық бизнес өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасыныӊ Бірінші Премьер-министрі Мамин Асқар "Жуырда 15 маусым күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан астанасына ресми сапарымен барған еді. Сапар барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселесі талқыланған болатын. Алдағы уақытта Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайтуға ниеттіміз" деп атап өтті.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму министрі Қасымбек Жеӊіс: "Біз логистика, машина жасау және өнеркәсіптік кооперацияда даму перспективасы бар деп ойлаймыз. Екіжақты келіссөздердіӊ арқасында бүгін сол салаларда келісімдерге қол қойылды. Мұныӊ барлығы іскер әріптестікте екі жақтыӊ да мүдделі екендігін көрсетсе керек" деді.

Форум барысында ҚР Мемлекетік басқару академиясы мен Қазан федералды университеті арасында; Қазақстанныӊ Сыртқы сауда палатасы мен Сауда-өнеркәсіптік палаталары арасында; "Astana Hub" Халықаралық ИТ стартап технопаркі мен ИТ парк жоғары технологиялар технопаркі арасында; "Семипалатинский автосборочный завод" ЖШС мен "Ремонтно-механический завод РариТЭК" ЗТБ арасында меморандумға қол қойылды.

"Біз бүгін Татарстан Респубикасыныӊ Сауда-өнеркәсіп палатасымен ынтымақтастық меморандумына қол қойдық. Илбетте, бұл алдағы уақытта сауда-саттық саласында жұмысымызды ілгерілетіп, қазақстандық өнімніӊ экспортқа шығуына ықпал етіп, әрі бірлескен өндірісті құруға өз ықпалын тигізеді деген сенімдеміз" деді Қазақстанныӊ Сыртқы сауда палатасыныӊ Төрағасы Аян Еренов.

Іс-шара екі ел арасындағы экспорт мүмкіндіктерін арттырып, экономиканыӊ түрлі саласын дамытуға үлес қосады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны