23.04.2008, 17:13 2839

Қазақстан мен Изербайжан Астанада экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Изербайжан Астанада экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Изербайжанның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы бүгін екіжақты қатынастар мәселелерін талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, отын-энергетика, мұнай химиясы, көлік, байланыс, ауыл шаруашылығы және экология салаларындағы өзара ықпалдастық перспективалары қаралды.

Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауыт Мыңбаевтың тілшілерге хабарлағананындай, Қазақстан жағы ертең сенатта үкіметаралық келісімді (Баку - Тбилиси - Жейхан жүйесі бойымен мұнай тасымалдауды қолдау және қолғабыс көрсету жөніндегі Изербайжан Республикасымен келісімді бекіту туралы заң жобасы - агенттік ескертпесі) ратификациялау жөніндегі мәселе қаралатынынан хабардар етті. Бұл ретте ол бұл құжаттың компания деңгейіндегі жүзеге асырылуы айтарлықтай қарқынмен жүріп келе жатқанын атап өтті. "ҚазМұнайГаз" сарапшылары қазір Изербайжанда және де біз алдағы уақыттарда Қазақстан-Каспий тасымалдау жүйесінің теңіздік бөлігін қалыптастыру бойынша техникалық қыр-сырын реттеуді көздеп отырмыз", - деді министр.

Өз кезегінде Изербайжанның экономикалық даму министрі Гейдар Бабаев бүгінгі кездесудің нәтижелеріне қанағаттанатынын жеткізді.

Шара соңында тараптар бесінші отырыстың хаттамасына қол қойды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР парламентінің мәжілісі 26 наурызда Баку - Тбилиси - Жейхан жүйесі бойынша мұнай тасымалдауды қолдау және қолғабыс көрсету жөніндегі Изербайжан Республикасымен келісімді бекіту туралы заң жобасын мақұлдаған-ды. Құжат Қазақстан мұнайын Каспий теңізі арқылы жаңа Баку - Тбилиси - Жейхан жүйесімен тасымалдауды құруды қарастырады. Осы жобаны жүзеге асыру аясында мұнай тасымалының жаңа инфрақұрылымын құру жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны