Система Orphus

Қазақстан мен Венгрия аграрлық секторда қарым қатынас жасау мүмкіндіктерін талқылады

28.02.2008, 17:47 1311

Астана. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" -ҚР ауыл шаруашылық министрі Ахметжан Есімов Венгрия республикасының аймақтық дамыту және егіншілік министрлігінің басшысы Иожеф Граф бастаған делегациясымен кездесті, деп хабарлайды агенттік ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Пайдаланылмаған жерлерді бірлесе отырып игеріп, алған өнімдерді өңдеп Еуропа Одағының нарықтарына шығу керек ", - деп мәлімдеді А. Есімов кездесу барысында.

Венгрия республикасының аймақтық дамыту және егіншілік министрлігінің басшысы Иожеф Граф айтқанындай, соңғы кездері мемлекеттер арасында екі жақты қарым қатынастар ойдағыдай болмады. Алайда, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Венгрияға сапары кезінде біздің елдер арасында ынтымақтастық жасайтын көптеген салалар бойынша, әсіресе ауыл шаруашылық саласында ортақ мүдделеріміздің бар екендігі айқындалды. Диқаншылық, мал шаруашылығы, мамандарды даярлау және алмасу бойынша қарым қатынастарды жақсартып, жетілдіру керек.

Бүгінде әлемде азық-түлікті тұтыну көлемі және оның құны өсуде. Ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімдерін шығарып қана қоймай, отын шикізатын шығаратын сала болып отыр. Сондықтан ауыл шаруашылығын дамытып, азық түлікті шығару үшін екі жақты қатынастарын күшейтіп, тәжірибемен алмасу қажет.

Қазір халықаралық нарықта ауыл шаруашылық өнімдерін тұтыну көлемі ұлғаюмен бірге оның бағасы да өсуде. Сондықтан екі ел арасындағы ынтымақтастық екі жаққа да тиімді болады.

Делегация сонымен бірге "НХ "ҚазАгро"АҚ, " "Азық -түлік келісім-шарты корпорациясы"ҰК, "Мал Өнімдері корпорациясы" АҚ ,"ҚазАгроМаркетинг"АҚ, "КазАгроИнновация" АҚ басшыларымен кездесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны