05.06.2009, 15:46 2952

Қазақстан Миланда өтетін азық-түлік өнімдері мен сусындардың "TUTTOFOOD 2009" халықаралық көрмесіне қатысады

Қазақстан Миланда өтетін азық-түлік өнімдері мен сусындардың "TUTTOFOOD 2009" халықаралық көрмесіне қатысады

Астана. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Миланда өтетін азық-түлік өнімдері мен сусындардың "TUTTOFOOD 2009" халықаралық көрмесіне қатысады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Министрліктің сауда комитеті Қазақстанның жоғары қосылған құны бар тауарларын сыртқы нарыққа ілгерілету іс-шараларының аясында еліміздің Миланда 2009 жылдың маусым айының 10 мен 13 аралығында өтетін азық-түлік өнімдері мен сусындардың "TUTTOFOOD 2009" халықаралық көрмесіне қатысуын ұйымдастыруда", - делінген министрлік хабарламасында.

Мекеме ақпаратына сәйкес, "көрмеге Қазақстанның 15 ірі өнім өндірушісі қатысуды жоспарлауда, олардың арасында "Тандем", "Агрофирма "Диевская" тағы да басқа ЖШС бар. Қазақстанның атынан сонымен қатар Қазақстан Республикасының азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі өндірушілерінің одағы да қатысады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны