13.12.2012, 15:32 5934

Қазақстан мұнай өндірісін қаңтар-қараша айларында 2,3пайызға төмендетті

Астана. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан мұнай өндірісін қаңтар-қараша айларында 2,3пайызға төмендетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 2012 жылдың қаңтар-қараша айларында 60 млн 684,4 мың тонна шикі мұнай және 11 млн 620 мың тонна газ конденсаты өндірілді.

Бұл 2011 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 2,3%-ға кем және 3,8%-ға артық.

Есепті кезеңде республикада 36 млрд 507 млн текше метр табиғи газ өндірілді (1,4%-ға артық).

Газ түріндегі табиғи газ өндірісі 18 млрд 501,4 млн текше метрді құрады (5,5%-ға артық), оның ішінде тауарлық шығаралым 9 млрд 459,2 млн текше метр (0,7%-ға кем).

Есепті кезеңде мұнайлы ілеспе газ өндірісі 18 млрд 6,4 млн текше метрді құрады (2,5%-ға кем).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны