11.09.2008, 17:07 2759

Қазақстан мұнайдың экспорттық баж салығын тоннасына $203,8 дейін ұлғайтты

Қазақстан мұнайдың экспорттық баж салығын тоннасына $203,8 дейін ұлғайтты

Алматы. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда мұнайдың кедендік экспорттық баж салығы тоннасына $109,91 -ден $203,8 дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылдың 15 қазанындағы №1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" үкіметтің қаулысына сәйкес, мұнай экспортынан алынатын кедендік баж салығы тоннасына 109,91 доллардан 203,8 долларға дейін ұлғайтылды, экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына ренттік салық төлейтіндер үшін кедендік баж салығы ставкасы тоннасына 27,43 доллардан 121,32 доларға дейін көбейтілді.

Сонымен бірге, ауыр дистилляттар (сұйық отын), мұнай коксы мен битум экспортына салынатын кедендік баж салығы ставкасы тоннасына 112,5 доллар көлемінде белгіленді (бұрын $82,2).

Бұл қаулы ресми түрде жарияланған сәттен бастап 30 күн ішінде күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны