Система Orphus

Қазақстан нарығында миллионнан астам дана "Шадринское" сүтін сатуға тыйым салынады

20.01.2010, 13:40 1158

Астана. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан нарығында миллионнан астам дана "Шадринское" сүтін сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ИСМ Ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың ақпаратына сәйкес, "Ішкі нарықты қорғау қауіпті және сапасыз өнімнен қорғау жөніндегі жұмыстар жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті "Шадринское" сауда маркасының сүт өніміне бақылау бойынша жұмыстың қорытындысы шығарылды".

"Қазақстан тұтынушыларынан "Шадринское" сауда маркасының бумаларындағы ақпараттың жаңылыстыруға әкелетіндігі туралы өтініштерінің келіп түсуіне байланысты, атап айтқанда аталған өнім "Ресей Федерациясының аумағында сату үшін емес" деп арналған, республика аумағында бұл өнімнің көтерме және бөлшек сауда орындарына тексерулер жүргізілді",- делінген хабарламада.

Мекеменің хабарлауынша, тексерістердің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі, сондай ақ тауарды таңбалау, буып-түю, зат белгісін қою және ақпаратты дұрыс жапсыру жөніндегі техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталды.

"Қазақстан Республикасының аумағында сәйкессіз өнімдерді өткізуге жол бермеу мақсатында 1 026 474 бірлік өнімді өткізуге тыйым салу жөнінде шаралар қабылданды, кейіннен олар жойылуға және оларды өткізу саласынан қайтарып алуға жатады, сондай ақ заңнаманы бұзған тұлғаларға әкімшілік жазалау шаралары қолданылады",- деп хабарлайды мекеме.

"Қазақстан тұтынушыларын, ішкі нарықты қауіпті және сапасыз өнімнен қорғау бұл ұзақ мерзімде Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инновациялық өндірістерді, өнімге жоғары қосымша құнмен және еңбек өнімділігін жоғары деңгеймен дамытуға бағытталған 2010-2014 жылдарға арналған республиканың үдемелі индустриаялық-инновациялық дамыту бағдарламасының негізгі басымдылықтарының бірі болып табылады",- делінген ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны