05.02.2014, 21:14 4038

Қазақстан нарықтық басымдылық жағдайы бойыша Жаһандық бәсекелестік рейтингінде 5 позицияға көтерілді - БҚА

"Халықаралық ынтымақтастық оңтайландырылған. Қазақстан нарықтық басымдылық жағдайы бойынша Жаһандық бәсекелестік рейтингінде 5 позицияға 83-тен 78-ге көтерілді. Алайда, жергілікті бәсекелестік бойынша қарқынды индикатор көрсеткішінің нашарлауына байланысты 7 пунктке төмен түсті", - деді БҚА колегиясында Ғалым Оразбақов.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстан нарықтық басымдылық жағдайы бойыша Жаһандық бәсекелестік рейтингінде 5 позицияға көтерілді. Бұл туралы бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сұлтановтың қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста агенттіктің төрағасы Ғалым Оразбақов хабарлады.

"Халықаралық ынтымақтастық оңтайландырылған. Қазақстан нарықтық басымдылық жағдайы бойынша Жаһандық бәсекелестік рейтингінде 5 позицияға 83-тен 78-ге көтерілді. Алайда, жергілікті бәсекелестік бойынша қарқынды индикатор көрсеткішінің нашарлауына байланысты 7 пунктке төмен түсті", - деді БҚА колегиясында Ғалым Оразбақов.

Жергілікті бәсекелестік бойынша қарқынды индикатор көрсеткішін жақсарту мақсатында өткен жылдың қаңтар айында өткен Үкімет отырысында бәсекелоестік деігейін бағалау әдістемесін жетілдіру шешімі қабылданған болатын. Идістеме 2 индикатарды есептеуді, яғни, "аймақтық бәсекелстік қарқыны" мен экономиканың басты салаларын монополияландыру көрсеткіштерін қарайды.

"Сонымен қатар, 2013 жылы Үкімет БҚА "Бірыңғай сатып алу туралы" заңнамасын жасақтау бойынша ұсынысын қабылдады. Айта кетерлік жайт, жаңа заңнама мемлекеттік сатып алуды есепке алмағанда, сатып алудың басқа түрлеріне бірдей ортақ болады. Бұл ұсыныс қазақстандық сатып алу саласындағы алшақтықпен түсіндіріледі", - деп Ғ. Оразбақов атап өтті.

Бұдан басқа, Агенттік қолданыстағы әдістерді жетілдіріп, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуын шектейтін заңнамаға өзгерістер енгізуді жалғастырмақшы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны