30.11.2006, 13:17 6149

Қазақстан Орта Азиялық газды өз аумағы арқылы тасымалдау құнын көтеру жөнінде "Газпроммен" келіссөздер жүргізуде

АСТАНА. 30-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан Орта Азиялық газды өз аумағы арқылы тасымалдау құнын көтеру жөнінде "Газпром" ААҚ-мен келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов журналистерге берген сұхбатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мұндай келіссөздер жыл сайын жүргізіледі. Егер бұрын бізде транзит құны 100 шақырымға 0,7 долларды құраса, бұдан кейін ол 1,1 долларға дейін көтерілді. Ал қазір осы тарифті одан әрі көтеру жөнінде келіссөздер жүргізілуде",- деді министр.

"Біз бағаны 100 шақырымға 1,6 долларға дейін көтеруге ниет білдіріп отырмыз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны