15.05.2014, 23:10 13404

Қазақстан ӨСАБ бойынша есепті өңірлік деңгейде жақсартуы керек - К.Шорт

"Қазақстанға тағы бір мәселе бойынша жұмыстар жүргізу керек. Ол ӨСАБ бойынша есепті аймақтық деңгейде жақсарту болып табылады. Демек, ашықтық тек ірі қалаларда ғана емес, сонымен қатар халық жергілікті жерлерде де қажетті ақпаратты ала алуы керек", - деп К. Шорт атап өтті.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстанға ӨСАБ бойынша есепті аймақтық деңгейде жақсарту керек, деп ОКҚ өткен бирфингте ӨСАБ Басқармасының төрағасы Клэр Шорт мәлім етті.

"Қазақстанға тағы бір мәселе бойынша жұмыстар жүргізу керек. Ол ӨСАБ бойынша есепті аймақтық деңгейде жақсарту болып табылады. Демек, ашықтық тек ірі қалаларда ғана емес, сонымен қатар халық жергілікті жерлерде де қажетті ақпаратты ала алуы керек", - деп К. Шорт атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстанға ұйымның толық мүшесі екеніне және ӨСАБ талаптарына сай екеніне қарамастан жергілікті жерлерде жұмыстарын жақсартуды жалғастыру керек.

"Яғни, компания, Үкімет, қоғамдық ұйымдар өкілдерін жинап, олардың аймақтық деңгейде кездесуіне септігін тигізу керек", - деп К. Шорт түсіндіріп өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ӨСАБ жүзеге асырудың өзіндік себептері бар. Ол халықаралық, саяси және антикорупциялық сипатта жоғары мәртебеге ие және өндіру секторындағы компаниялар мен Үкіметтің табысының ашықтығына бағытталған.

ӨСАБ-тың халықаралық тәртібіне сәйкес 2013 жылдың 13 қазанында Қазақстанға "ӨСАБ ізбасар мемлекет" жоғары мәртебесі берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны