11.11.2011, 17:44 3846

Қазақстан отандық өндірістен шыққан жүк көліктерінің алғашқы топтамасын экспортқа шағырады - баспасөз баяны

Бүгін, 2011 жылдың 11-қарашасы күні Минскіде Қазақстандағы Hyundai AutoTrans компаниясының көлік құрастыру кәсіпорынында құрастырылған HD78 модельді жүк көлігінің алғашқы топтамасын жеткізу туралы келісім шартқа қол қойылды.

Бүгін, 2011 жылдың 11-қарашасы күні Минскіде Қазақстандағы Hyundai AutoTrans компаниясының көлік құрастыру кәсіпорынында құрастырылған HD78 модельді жүк көлігінің алғашқы топтамасын жеткізу туралы келісім шартқа қол қойылды. Отандық өндірушілердің экспортқа шығуына ҚР ИЖТМ Kaznex Invest экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі көмектеседі.

Келісім шарт Hyundai Аuto Тruck & Вus компаниясының Қазақстандағы дистрибьюторы мен Hyundai Truck компаниясының Беларусьтегі коммерциялық техникалар дистрибьюторы арасында жасалған.

4 бірлік жүк көлігін жеткізу туралы келісім шарттың сомасы 100 мыңға жуық АҚШ долларын құраған.

Келіссөздерге сондай-ақ Hyundai Motor Company өкілдері де қатысқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны