12.01.2009, 17:08 3542

Қазақстан отандық тауар өндірушілерді қорғау үшін көрші елдерден келетін тауар импортын реттемекші

Қазақстан отандық тауар өндірушілерді қорғау үшін көрші елдерден келетін тауар импортын реттемекші

Астана. 12 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан отандық тауар өндірушілерді қорғау үшін көрші елдерден келетін тауар импортын реттемекші. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник бүгін үкіметте өткен селекторлық жиыннан кейін журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

В. Школьниктің айтуынша, реттеу шарасы "айналадағы елдердің ұлттық валюталарының құнсыздану деңгейіне қарай" жүзеге асырылады. "Ұлттық валюталар әлсіреген елдерде экспорттаушылар ұтады, сол себепті тарифтік баж салықтарын тиісінше реттеуге тура келеді, бұдан басқа амал жоқ", - деді В. Школьник.

Ол сонымен бірге министрліктің іс-қызметі Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамтуға бағытталатын болады. "Бір жағынан біз өндірістерімізде жұмыс істейтін өз адамдарымызды қорғауымыз қажет, келесі жағынан - бағаның өсуіне жол бермейміз. Сол себепті ақиқат әрдайым орта тұста", - деді В. Школьник.

Ал үкіметтің отырысы барысында министр ТМД елдерінде өткен жылдың қаңтар-қараша айларында инфляцияның өскенін және осыған байланысты осы елдерден келетін импорт көлемінің ұлғаю ағымының белең алғанын айтқан. Оның айтуынша, "2008 жылдың қаңтар-қараша айларында кейбір кондитерлік өнім түрлері импортының көлемі $87,6 млн құрап, 2007 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 16%-ға өсті".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны