13.05.2014, 21:04 4641

Қазақстан өз бағдарын ел бәсекелестігінің 6 бағыты бойынша жетілдіруде - Е.Досаев

"Алғашқысы, Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан өз орнын бір пунктке арттырып, 148 елдің ішінде 50 орынға орналасты. Осы тұрғыда Қазақстан тиімділік пен инновациялық даму факторларына жоғары баға беретін инновациялық дамудың үшінші кезеңінің жоғарғы жағына тиімді дамудың екінші кезеңінен өтпелі орынға жайғасты", - дейді министр.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Қазақстан біртіндеп елдің бәсекеге қабілттілігінің 6 бағыты бойынша көрсеткішін жақсартып келе жатқанын айтты.

"Алғашқысы, Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан өз орнын бір пунктке арттырып, 148 елдің ішінде 50 орынға орналасты. Осы тұрғыда Қазақстан тиімділік пен инновациялық даму факторларына жоғары баға беретін инновациялық дамудың үшінші кезеңінің жоғарғы жағына тиімді дамудың екінші кезеңінен өтпелі орынға жайғасты", - дейді министр.

Екіншіден, Doing Business Дүниежүзілік банктің рейтингісінің нәтижесі бойынша, Қазақстан 189 елдің ішінде өз орнын 3-ке дейін жақсартып, 50-інші орынға табан тіреді. Рейтингтегі Қазақстанның позициясының алға жылжуы меншікті тіркеу процедураларын жеделдетуді енгізудің арқасында болды. Сонымен қатар Қазақстан салық салу деңгейі мен меншікті тіркеу бойынша алдыңғы қатарлы 20-лыққа енді.

"Менеджментті дамыту халықаралық институттің (IMD) бәсекеге қабілеттік туралы әлемдік рейтингісіне байланысты айтатын болсақ біз 2 сатыға төмендеп 60 елдің ішінен 34 орынға тұрақтадық. Адам әлеуетін арттыру индексі бойынша қазақстан 185 елдің ішінен 1 сатыға төмендеп 69 орынға жайғасты. Жалпы, Қазақстан адам даму деңгейі бойынша жоғары мемлекеттер тобына кіреді ", -деп Е. Досаев үшінші және төртінші пунктерді атап өтті.

Ал, жемқорлықты қабылдау индексі Transparency International бойынша Қазақстан 7 сатыға төмендеп 177 елдің ішенен 144 орға тейін түсті.

"Жалпы көрсеткіштердің төмендеуі өткен жылғы Қазақстанды бағалаудың 2 балға көтерілгенімен байланысты. Сонымен, жемқорлықты қабылдау индексі 2013 жылы өзгертілген болатын", - деп министр түсіндіріп өтті.

Бұдан басқа, Экономикалық бостандық индекс Heritage Foundation бойынша оң өзгерістер байқалып отыр. Еліміз 1 сатыға көтеріліп 185 мемлекеттін ішінен 67 орынға жетті.

Министрдің айтуынша, көрсеткіштердің жақсаруында негізгі рөлді "Кәсіпкерлік бостандық" (54 орын, 11 сатыға көтерілді), "Монетарлық бостандық" (113 орын, 15 сатыға көтерілді) және "Инвестиция бостандығы" (132 орын)атқарды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны