05.10.2009, 11:08 1473

Қазақстан премьері ЭМРМ мен ҚМГ компанияларына Алматыдағы жанар-жағармай рыногындағы ахуалды бақылауға алуды тапсырды

Қазақстан премьері ЭМРМ мен ҚМГ компанияларына Алматыдағы жанар-жағармай рыногындағы ахуалды бақылауға алуды тапсырды

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ына Алматыдағы жанар-жағармай рыногындағы ахуалды бақылауға алуды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұрын Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов атап өткендей, "қалада өткен аптада жанармай жеткізуде үзілістер туындады". "ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне осы жағдайға назар аударып, жанармай жеткізуге көмектесуді сұраймыз", - деді ол.

Қазақстан үкімет басшысы бұл жайтты ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне бақылауға алуды тапсырды. "Шымкенттен сіздерге оның барлығы жіберілді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны