18.09.2007, 14:14 1453

Қазақстан премьер-министрі Қазақстанның ипотекалық компаниясының капиталының көлемін ұлғайту қажет деп санайды

Қазақстан премьер-министрі Қазақстанның ипотекалық компаниясының капиталының көлемін ұлғайту қажет деп санайды.

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанның ипотекалық компаниясының капиталының көлемін ұлғайту қажет деп санайды.

"Мен Қазақстанның ипотекалық компаниясы құрылыс нарығын дамытуда мейлінше маңызды роль атқаруға тиіс деген көзқарасты құптаймын. Компания облигацияларын Алматыдағы Аймақтық қаржы орталығы арқылы сату мүмкіндігін қарастыру қажет, бұл компанияның белгілі мөлшерде қаржы жинақтап, нарықтағы мәселелерді шешуге тез арада атсалысуы үшін қажет", - деді Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында.

"Мүмкін біз қазіргі ахуалды ескере отырып, бюджет шеңберінде қазіргі бар қаржыландыру көлемін капиталды ұлғайту арқылы өзгерту мүмкіндігін қарастыратын шығармыз", - деді премьер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны