22.12.2009, 16:17 3095

Қазақстан премьер-министрі Кедендік одақтың жұмысы басталмай тұрып, салық органдарының жұмысын үйлестіруді тапсырды

Қазақстан премьер-министрі Кедендік одақтың жұмысы басталмай тұрып, салық органдарының жұмысын үйлестіруді тапсырды

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан премьер-министрі Кедендік одақтың жұмысы басталмай тұрып, салық органдарының жұмысын үйлестіруді тапсырды. Бүгін өткен үкіметтің отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысты көптеген сұрақтар туындап отыр. Келесі жылдың басынан бастап күшіне енетін Кедендік одақ аясында Қазақстанның салық саласына түсетін салмақ арта түспек",- деді Кәрім Мәсімов.

"Біздің еліміздегі салық салу саясаты артықша тартымды болғандықтан, Кедендік одақтың басқа елдеріне шығатын кедендік рәсімдеулердің бір бөлігі біз арқылы өтпек. Көптеген мәселелерді оқиға орнында шешуге тура келмек. Сол себепті үйлестіру дұрыс болуы керек", - деді премьер үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев пен қаржы министрі Болат Жәмішевке қаратып айтқан сөзінде.

Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожинға айтқан сөзінде премьер алдағы 2010 жылы "әділетті салық төлеушілерді мазаламауды, ал салықтан жалтырғандардың бәрін анықтап, тиісті жазаларын беруді" тапсырды.

Сондай-ақ, ол 2011 жылдан бастап бір реттік талондарды алып тастау және жаппай декларация толтыру мәселелерін мұқият қарауды тапсырды. Дәулет Ерғожин өз кезегінде атап өткендей, "2010 жылы Кедендік одаққа мүшелікке өтуге байланысты бізде реформаларды одан әрі жалғастыру және әкімшілікті жақсартуға байланысты мәселелер туындап отыр".

Осыған байланысты ол қаржы полициясы органдарымен арадағы ықпалдастықты жақсарту қажеттігін атап өтті, тіпті "біртұтас диспетчерлік орталық құру қажет", деді ол. "Бұған қоса шамалы қаржы бөлу арқылы Ресеймен және Беларусьпен өзара ақпарат алмасу үшін ақпараттық жүйе құру керек", - деді Д. Ерғожин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны