02.10.2009, 17:29 2925

Қазақстан премьер-министрі мен Польша Республикасы премьер - министрінің орынбасары - экономика министрі екі ел арасындағы сауда - экономикалық ынтымақтастық жайын талқылады

Қазақстан премьер-министрі мен Польша Республикасы премьер - министрінің орынбасары - экономика министрі екі ел арасындағы сауда - экономикалық ынтымақтастық жайын талқылады

Астана. 2 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Астана қаласына экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ - поляк үкіметаралық комиссиясының отырысына келген Польша Республикасы премьер - министрінің орынбасары - экономика министрі Вальдемар Павляк бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кездесу барысында Қазақстан мен Польша арасындағы сауда - экономикалық ынтымақтастық, шарттық - құқықтық базаның жай - күйі, экономиканың түрлі салаларындағы өзара іс - қимыл, сондай - ақ, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды.

К.Мәсімов қазіргі таңда құрылып жатқан "польяк - беларусь шекарасынан қазақ - қытай шекарасына дейінгі бірыңғай кедендік аумақ сауда - экономикалық қарым - қатынастарды дамыту үшін қосымша жағдай туғызатынын" атап өтті.

Өз кезегінде, В.Павляк бұл "сіздің еліңізге инвестицияның келуіне, өндіріс орындарының құрылуына және дайын өніммен өтімді нарыққа шығуға ықпал ететін өте маңызды белгі" екеніне тоқталды.

"Қазақстан - экономикасы баянды және инвестициялық тартымдылығы жақсы тұрақты әріптес. Сіздерде жұмыс істеп жатқан еркін экономикалық аймақтар инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін, оның ішінде Польша кәсіпкерлері үшін де қосымша дәйек болып табылады", - деді В.Павляк.

Тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы өзара түсіністіктің қол жеткізілген деңгейі екі жақты ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға негіз болатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны