04.12.2009, 16:41 3208

Қазақстан президенті ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнесті қолдау тетіктерін дәйектеуді тапсырды (толықтырылған)

Қазақстан президенті ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнесті қолдау тетіктерін дәйектеуді тапсырды (толықтырылған)

Астана. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнесті қолдау тетіктерін дәйектеуді тапсырды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы мәжілісінің қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен үкіметке инвесторлармен бірлесіп, ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнестің өңдеуші кәсіпорындарын қолдаудың айқын тетіктерін жасауды, оларды тіисті құжаттармен бекітіп, оның орындалуын қатаң қадағалауды тапсырамын. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы маған 2010 жылдың бірінші жартысында есеп берілетін болсын", - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, осы принциппен "Қазақмыс" корпорациясы жұмыс істеуде, ол "өз кәсіпорнының төңірегінде оның шикізатынан өнімдер шығаратын шағын кәсіпорындар құруда".

Сонымен бірге президент "еліміздің индустриялық-инновациялық серпінді даму бағдарламасының аясында Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелерімен бірлесе отырып, әртараптандыруға және шикізатты терең өңдеуге бағытталған келешегі бар жобаларды дәйектеуді" тапсырды.

"Осындай әрбір жоба бойынша бірлескен іс-қимылдардың айқын жоспары жасалып, оның нақты мерзімі көрсетіліп, үкіметтен бір адам жауапты болуға тиіс. Үкіметке, Кәрім Мәсімов мырзаның өзіне келесі жылдың бірінші тоқсанында тиісті жұмыстарды жүзеге асыруды, маған шетелдік инвесторлармен бірлесе келісілген жобалардың тізімін бекітуге әкелуді тапсырамын", - деді ол.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қазақстандық үлесті арттыруға бағытталған жұмыстарды атқаруды тапсырды. "Үкіметке және "Самұрық - Қазына" қорына келесі жылдың бірінші жартысының аяғына дейін Қазақстанда өнеркәсіптің басымдық берілген салаларында жұмыс істейтін шетелдік компаниялармен Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, технологиялық ынтымақтастықтың айқын бағдарламасын жасауды тапсырамын", - деді ол.

"Ірі мұнай өндіруші компанияларға осы мәселе бойынша ынтымақтастыққа шақырамын", - деді Н. Назарбаев.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің жиырма екінші пленарлық отырысында үкіметке Қазақстанның басым бағыттары бойынша айқын технологиялық мақсаттарын әзірлеуді жүктеді.

"Бізге ортақ мақсаттардың айқын көрінісін ұстана отырып, жалпы технологиялық даму бойынша жұмысты жүйелік деңгейге шығару қажет. Бұл біздің үкіметтің үйлестіруімен шетелдік компаниялармен, ғылыми ұйымдармен, ұлттық компаниялармен негізгі жоспарлы жұмыс болады", - деді президент.

"Сондықтан үкіметке 5 және 10 жылға Қазақстанның басым бағыттары бойынша айқын технологиялық мақсаттарын әзірлеуді тапсырамын", - деді Елбасы.

Н. Назарбаевтың сөзіне қарағанда, бұл мақсаттарды айқын белгіленген кезеңдермен және ресурстармен еіліміздің бірыңғай салааралық технологиялық жоспарына біріктіру керек. Мұндай жоспар 5 жылдан екі кезеңге бөлініп, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы стратегиясының құрамдас бөлігі болуы шарт.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны