08.06.2009, 15:19 1674

Қазақстан президенті құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігін құру жөніндегі премьер-министрдің ұсынысына қолдау білдірді

Қазақстан президенті құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігін құру жөніндегі премьер-министрдің ұсынысына қолдау білдірді

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігін құру жөніндегі премьер-министр Кәрім Мәсімовтың ұсынысына қолдау білдірді. Бұл туралы президент бүгін дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы бойынша өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Біз бұл мәселені мұқият қарастырдық, бұл мәселе - үкіметтің өкілеттілігі аясынан тысқары. Сол себепті біз құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігін құру жөнінде сізге ұсыныс жасап отырмыз", - деді Кәрім Мәсімов кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа қаратып айтқан сөзінде.

Өз кезегінде мемлекет басшысының айтуынша, "егер мұндай уағдаластық бар болса", онда құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі жеке орган құру мәселесі оң шешімін табуға тиіс.

"Елімізде құрылыс сапасына қойылатын бақылау ақсап жатыр. Елімізде барлық СНИП-тер ескірген, бұл мәселемен аталған агенттік айналысуға тиіс", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны