15.05.2009, 18:50 2993

Қазақстан президенті металлургиялық өнеркәсіп өндірісі мен экспортын екі есе арттыруды тапсырды (толықтырылған)

Қазақстан президенті металлургиялық өнеркәсіп өндірісі мен экспортын екі есе арттыруды тапсырды (толықтырылған)

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті металлургиялық өнеркәсіп өндірісі мен экспортын екі есе арттыруды тапсырды. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз 2015 жылға дейін металлургиялық өнеркәсіп өндірісі мен экспортын екі есе арттыруды қамтамасыз етуді басты мақсатымыз деп білеміз. Өңдеу дәрежесін тереңдету және жаңа өндірістер құру арқылы металлургияның жалпы қосылған құны кем дегенде 107% өсуге тиіс", - деді Н. Назарбаев.

"Бүгінде жалпы құны 1,6 трлн теңгені құрайтын, 11 мың жұмыс орнын құру әлеуетін беретін 26 жоба іске өндірісте", - деді президент.

Оның айтуынша, бұлар - келешекте поликристалдық кремний өндіретін зауыт салу, алюминий зауытының екінші кезегін салу, темірді тікелей бөліп алатын өндірісті іске қосу, Тараз металлургиялық зауытының базасында ферромарганец өндірісін кеңейту және модернизациялау, Теміртауда жаңа металлургиялық кешен салу жобалары.

"Келесі жылы хлор, каустикалық сода, күкірт қышқылы, азотты, фосфорлы, калийлі минералдық тыңайтқыштарды, синтетикалық құралдарды өндіруді жолға қою жобаларын жүзеге асырудың белсенді фазасына ден қою қажет, бұл өнімдер елімізге аса қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны