11.09.2009, 16:11 2882

Қазақстан президенті Саяно-Шушенск Су электр станциясындағы апатқа байланысты Сібірге электр қуатын беруге дайын екенін мәлімдеді

Қазақстан президенті Саяно-Шушенск Су электр станциясындағы апатқа байланысты Сібірге электр қуатын беруге дайын екенін мәлімдеді

Алматы. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Саяно-Шушенск Су электр станциясындағы апатқа байланысты Сібірге электр қуатын беруге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Орынборда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ресейдің "Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

"Саяно-Шушенск Су электр станциясындағы апатқа байланысты Қазақстан электр қуаты саласында қолдау көрсетуге дайын, біз тек көмір ғана берумен шектелмей, маған баяндағанындай, 500 МВт электр қуатын да бере аламыз, оның үстіне Қазақстан аумағы арқылы электр қуатын жалғастыру мәселесі әлдеқашан шешімін тапқан іс", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны