03.07.2009, 12:57 1362

Қазақстан президентінің ел өңірлерімен арадағы телекөпірі барысында Шығыс Қазақстан облысында ядролық технологиялар паркінің өндірісі іске қосылды

Қазақстан президентінің ел өңірлерімен арадағы телекөпірі барысында Шығыс Қазақстан облысында ядролық технологиялар паркінің өндірісі іске қосылды

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президентінің ел өңірлерімен арадағы телекөпірі барысында бүгін Шығыс Қазақстан облысында ядролық технологиялар паркінің өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, "бүгін қуаты 1 млн шаршы метрді құрайтын, мұнайгаз құбырлары мен коммуналдық шаруашылыққа арналған пенополиэтиленді авиациялық материалдардан өндіруге бағытталған технологиялық желі іске қосылды".

Оның мәліметінше, "ағымдағы жылдың аяғына дейін бұл кешенде теміржол транспортына арналған тежегіш жабдықтарының өндірісі, ядролық технологияларды пайдалану негізінде медициналық препараттар мен емдік минералды су өндірісі іске қосылады".

ШҚО әкімінің хабарлауынша, "өнеркәсіптік электрон үдеткіштің бірегей мүмкіндігі ядролық технологиялар паркіне шетелдік инвестициялар мен технологияларды тартуға мүмкіндік берді. Қазіргі жағдаймен Ресей және Украиналық серіктестермен бірлесе 4 бірлескен кәсіпорын құрылды".

"Жобаның жалпы құны 1,9 млрд теңгені құрап, 100 аса жұмыс орны құрылды", - деді Б.Сапарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны