06.06.2008, 12:35 1715

Қазақстан президентінің пайымдауынша, таяу перспективада энергия тапшылығы проблемасын шешудің жалғыз тәсілі энергия үнемдеуге ынталандыру болмақ

Қазақстан президентінің пайымдауынша, таяу перспективада энергия тапшылығы проблемасын шешудің жалғыз тәсілі энергия үнемдеуге ынталандыру болмақ

Атырау. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымдауынша, таяу перспективада энергия тапшылығы проблемасын шешудің жалғыз тәсілі энергия үнемдеуге ынталандыру болмақ. Бұл туралы ол бүгін Атырауда Қазақстан президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 19-шы жалпы отырысында пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Электр энергетикасы -жаңа өндірісті ашуды ойластырудан бастап оны іске қосуға дейін біршама уақыт кететін аса инерциялы салалардың бірі, бірақ біз энергия тапшылығына таяу жылдарда тап келгелі отырмыз. Сол сабепті, орта және қысқа мерзімді перспективада бұл проблеманы шешудің жалғыз жолы энергия үнемдеуге ынталандыру болмақ деп санаймын", -деді Н. Назарбаев.

"Бұл мәселеде сөзден іске көшетін кез жетті, ал қуаттылықты арттыру мәселесі бойынша біз 3-4 жылға кенжелеп қалдық, бұл мәселеде уақыт ұттыруға болмайды", - деді ол.

Мемлекет басшысы тұрғындар мен өнеркәсіптік тұтынушылар арасында энергия үнемдеу қажеттігі туралы насихатты күшейту қажет деп пайымдайды.

"Біз Еуропалық қайта құру және даму банкімен және оның құрылымдарымен бірлесе отырып, бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізетін боламыз деп ойлаймын", -деді Қазақстан президенті.

Н. Назарбаев сонымен бірге энергия үнемдеудің ауқымды резерві энергияны желімен жіберген кездегі шығындарды азайтуда жатқанын атап өтті. "Жекелеген өңірлерде нормативтік шығындар 22% құрайды, сонымен бірге, жалпы энергия тұтынудың орта есеппен 7% құрайтын коммерциялық шығындар бар. Осы шығындарды азайту қажет, энергия тұтыну көлемін қысқартатын технологиялардың трансферті мен заманауи жабдықтардың лизингін ұлғайту керек", - деді Н. Назарбаев.

"Өзінің жұмсайтын энергиясының көлемін қысқарту бағдарламасын жүзеге асырушы кәсіпорындарға мемлекет тарапынан қолдау, соның ішінде қаржылай көмек көрсету қажет",- деді ол.

"Тек тұрмыстық және өнкркәсіптік тұтыну мәселесін ғана емес, сонымен бірге, жалпы қалалық жоспарлау, жобалау, нысандар мен ғимараттарды салу, көлік пен коммуналдық қызметтің жұмысына қатысты кешенді көзқарас керек", -деді президент.

"Дүниежүзінде энергия үнемдеуге жұмсалатын қаражат жаңа энергетикалық нысандар құрылысын салуға толыққанды баламаға айналды, көп жағдайда ол тіпті орынды", - деді ол.

Осыған байланысты Н. Назарбаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдерді мысалға келтірді, олар кейінгі 25 жылда мақсатты энергия үнемдеу саясатының есебінен Жалпы ішкі өнімнің энергиялық сыйымдылығын 28%-ға төмендеткен.

"Құрметті кеңес мүшелері, сіздер басқаратын кәсіпорындар да Қазақстанның энергия үнемдеу саясатын жүргізуінде басқа кәсіпорындар теңесуге тырысатын флагманға айналуға тиіс", -деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны